"Шаханов шыңы"
Бүгін біздің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияда "Үндестік жобасы" аясында тіл жанашыры, қоғам қайраткері, ақын М.Шахановтың 80 жасқа толу мерейтойына орай "Шаханов шыңы" атты ата-аналар арасында өткізілген көркем сөз оқу байқауының марапаттау кеші өтті. Байқау нәтижесі әлеуметтік желіде дауыс беру саны бойынша бағаланып, жеңімпаз ата-аналарымыз марапатталды. Тіл мен діл майданының сардары, ұлтжанды тұлға М.Шахановты ұрпағымызға насихаттауда үлес қосқан ата-аналарға алғысымыз шексіз. Ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесіміз арта берсін дейміз.