Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. (А.Байтұрсынов)
Кіру
AA+
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ

Жыл сайын оқу жылы аяқталғаннан кейін балалар жазғы лагерьлерге асығады. Қуанышқа толы көңілді жаздың ұмытылмас естеліктері жазғы ашық алаңда басталады. А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясында 3 маусым күні мектеп жанындағы «Жауқазын» демалу-сауықтыру алаңқайының ашылу салтанаты өткізілді. Жазғы алаңның басты мақсаты - балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және таланттарын анықтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін жан-жақты бағытта дамыту.  «Жауқазын» алаңқайының I ауысымының ашылу салтанатына орай іс-шара  балаларға қызықты, мерекелік көңіл-күймен өткізілді. Іс-шараны өткізу барысында балалар өз өнерлерін көрсетті: ән айтты, домбыра тартты, би биледі. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып интеллектуалды және қозғалыс ойындары өткізілді.