Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. (А.Байтұрсынов)
Кіру
AA+
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ
Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді. (А.Байтұрсынов)
А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ
Ағымдағы жылдың 15 қазан күні Ахмет Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның оқушысы Жұмабаева Айсұлу және сынып жетекшісі - Байқас Альбина Сағындыққызы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылды «Балалар жылы» деп атауына орай оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру және дарынды оқушылардың арасында байланыс орнату  мақсатында  өткізген «ЖАҢА  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  ДАРЫНДЫ ОҚУШЫСЫ» атты  республикалық форумына арнайы  шақырумен қатысып, үлкен марапатқа ие болды. Бұл форум жұмысына  Отандық ғалымдар, қоғам қайтаркерлері және бұқаралық  ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Дарынды шәкіртіміз - Айсұлу І дәрежелі дипломмен марапатталып «Дарынды оқушы» төс белгісіне  ие болды, ал Альбина Сағындыққызы бұл форумда оқушыны байқауларға қатыстырып, білімін шыңдап, қолдау көрсетіп жүргендігі үшін Алғыс хатқа ие болды.
Нұрлыбек Елдосұлы бастаған А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназия  ұжымын және дарынды шәкірттерді ұдайы түрлі байқаулардан қалдырмай, уақытылы қатысуларына тікелей жағдай жасап жүрген директордың  ғылыми әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары - Мажитова Эльмира Уалихановнаны  қуаныштарымен құттықтай отырып, осындай дарынды және талантты оқушылары көбейе берсін, оларды айқындап, дамытып жұмыстар жүргізетін майталман ұстаздарымыздың еңбектері елене берсін демекпіз.