
2026 жылдың 21 –ші қазан күні 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының қалалық кезеңі №7 жайлы мектеп базасында ҚББ-нің ұйымдастыруымен өткізілді. Аталған сайысқа гимназиямыздан 3 оқушы қатысып, жүлделі орындарды иеленді.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясы» КММ 3 «А» сынып оқушысы, Болат Раяна өзінің «Жұмыртқа қабығының судағы өзгерісі» тақырыбымен қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді, мадақтамамен марапатталды. Жетекшісі: Байқас Альбина Сағындыққызы, педагог-сарапшы.
3 «Б» сынып оқушысы Анарбек Гүлназ «RED X арқылы «Өрт сөндіруші» роботын модельдеу» тақырыбымен қатысып, роботты жүргізіп және жанып жатқан макетке су шашқызу тәжірибиесімен бөлісті. Нәтижесінде І-ші жүлделі орынға ие болды. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Қалмағанбетова Данагүл Бақытқызы, педагог-сарапшы.
Үшінші жеңімпазымыз 3 «Б» сынып оқушысы Бекешев Анур «Қаламыздағы болашақ «Ақылды аялдама»» тақырыбымен қатысып, жүлделі І орынды иеленді. «Ақылды аялдама» макетін ортаға салып, тәжірибиесімен бөлісті. Облысқа жолдама алды. Жетекшісі: Акмалаева Ақерке Алданышқызы, педагог-модератор.