2024 жылғы 03 қазанда Қостанай облысы Арқалық қаласының Ахмет Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназиясында 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері оқушылардың математика пәніне қызығушылығын қалыптастыру, ғылымға баулу, күрделі есептерді шешу, олимпиадалық резервті қалыптастыру. Олимпиада күрделігі жағынан ІІІ деңгейлі математикалық тапсырмалардан және тест тапсырмалары мен тест есептерінен құрастырылған.
Олимпиадаға гимназиямыздан 89 оқушы қатысты. Оның 64-і 3-ші сынып оқушылары, 25-і 4 сынып оқушылары. Мектепішілік кезеңнің жеңімпаздары олимпиаданың қалалық кезеңіне қатысатын болады.